2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі ағымдағы жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпанына дейін өтеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.
Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі:
– жаратылыстану-математикалық бағыт – математика, физика, химия, биология, география, информатика;
– қоғамдық-гуманитарлық бағыт – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Олимпиаданың екінші аудандық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілетін болады.
Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілетін болады.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне ауданның 75 оқушысы қатысады, оның ішінде 9 сынып – 29 оқушы, 10 сынып – 21 оқушы, 11 сынып – 25 оқушы. Олимпиада Абая атындағы ЖОББМ базасында өтеді.