2022 жылғы 24 мен 29 наурыз аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Ауданымыздың 7 оқушысы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша қатысты: Қаратай ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қасым Сымбат (қазақ тілі мен әдебиеті), № 2 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Легачова Карина (орыс тілі мен әдебиеті), 9 сынып оқушысы Пуховская Жанна (Қазақстан тарихы), 10 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав (өзін-өзі тану), № 3 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Назымбек Данияр (Қазақстан тарихы), Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қайыр Жанел (құқық негіздері), Таволжан ЖОББМ 9 сынып оқушысы Мереке Әнел (өзін-өзі тану).
Олимпиада электронды форматта, прокторингті («1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера») қолдануымен Oqylyq платформасында және бар аудиторияның жалпы көрініс камерасының трансляциясы.
Олимпиада қорытындысы бойынша №2 Успен мектебінің оқушылары жүлделі орындарға: өзін-өзі тану пәні бойынша Кирьяченко Владислав (мұғалімі Добродеева Надежда Васильевна) 2 орынға, Қазақстан тарихы пәнінен Пуховская Жанна (мұғалімі Кошман Вадим Михайлович) 3 орынға және орыс тілі және әдебиеті пәнінен Легачова Карина (мұғалімі Бондаренко Елена Тулешевна) 3 орынға ие болды.
Оқушылары мен мұғалімдерін жеңіспен құттықтаймыз!!!