141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар республикалық конкурсының аудандық кезеңі

Сәуір 17, 2023

2023 жылғы 14 сәуір күні 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар республикалық конкурсының аудандық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурс төрт бағытта өткізілді:

1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт – «Мені өоршаған әлем – ғажайып әлем»;

3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт – «Таза қала сізден басталады».

Конкурсқа 8 жобамен 12 оқушы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломға Қозыкеткен ЖОББМ 8 сынып оқушысы Гвоздь Лилия, М.Жұмабаев ат. ЖОББМ 8 сынып оқушылары Арынова Адель мен Дуненбаева Руслана иеленді.

ІІ дәрежелі дипломға Таволжан ЖОББМ 8 сынып оқушысы Глухов Родион ие болды.

ІІІ дәрежелі дипломмен Абай ат. ЖОББМ 8 сынып оқушылары Камилов Дархан мен Сейтова Дильназ, Равнополь ЖНББМ 5 сынып оқушылары Силиванова Алина мен Шевалье Дарья, Тимирязев ЖНББМ 7 сынып оқушысы Тембаева Анель марапатталды.

Конкурс жүлдегерлерін, ата-аналар мен мұғалімдерді құттықтаймыз!

Биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!