141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

5-8 сынып оқушыларына арналған «ПроЭко» республикалық экологиялық жобалар байқауы туралы

Қараша 19, 2021

Аудандық білім бөлімі 2021 жылдың 10 қарашасында 5-8 сынып оқушылары арасында «ПроЭко» республикалық экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы хабарлайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – байқау тақырыбына сәйкес оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу және экологиялық сауаттылығын арттыру, жобалық, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру және бейнематериалдар әзірлеу арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту. .

Байқауға 5-8 сынып оқушылары жекелей де, командалық құрамда да (3 қатысушыдан көп емес) қатыса алады.

Байқау төрт бағыт бойынша өтеді.

Өтініштер мен бейнежұмыстар білім бөлімінің kense@uspen.edu.kz электронды поштасы арқылы 2021 жылдың 9 қарашасына дейін қабылданады.