141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Аудан әкімінің дарынды балалармен кездесуі

Желтоқсан 30, 2022

2022 жылғы 29 желтоқсанында Успен ауданының әкімі Николай Васильевич Дычко аудан мектептерінің дарынды балаларымен кездесті. «Балалар жылын» қорытындылаған жиында аудан әкімі биылғы жылы республикада және облыста жүлделі орындарға ие болған ең белсенді, ерекшеленген 56 оқушыны құттықтады. Бала тілегін орындаған аудан әкімі сый-сияпат жасады. Әр балаға алғыс хаттар табысталды. Кездесу соңы Музыка мектеп тәрбиеленушілерінің мерекелік концертімен жалғасты.