Аудандық «Жыл оқушысы – 2022» конкурсы

Балалар жылы іс-шаралар шеңберінде 2022 жылдың 5 мамыр күні «Балдырған» БЭО базасында аудандық «Жыл оқушысы – 2022» конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: білім алушыларда танымдық белсенділік, көшбасшылық қабілеттерін және дарынды жан-жақты оқушыларды көтермелеу болып табылады. Конкурсқа ауданның 17 білім мекемесінен 3-4, 5-7, 8-10 сынып буындарынан 29 оқушы қатысты.
Конкурстың нәтижесі төмендегідей:
3-4 сыныптар арасында ІІІ орынға Новопрокров негізгі мектебінің 3 сынып оқушысы Молжанова Амина, Қаратай орта мектебінің 3 сынып оқушысы Смағұл Данияр, №2 Успен орта мектебінің 3 «а» сынып оқушысы Прохоренко Евгений; ІІ орынға №1 Успен орта мектебінің 3 «б» сынып оқушысы Дисенова Акбота, Богатырь негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы Свинцовская Дарья; І орынға Равнополь негізгі мектебінің 4 сынып оқушысы Силиванова Алина ие болды.
5-7 сыныптар арасында ІІІ орынға №1 Успен орта мектебінің 5 «б» сынып оқушысы Серікқызы Томирис, Павлов орта мектебінің 6 сынып оқушысы Жұмабай Ясмин; ІІ орынға №3 Успен орта мектебінің 6 сынып оқушысы Таласпаев Алижан, Қаратай орта мектебінің 6 сынып оқушысы Смағұл Мадияр; І орынға №2 Успен орта мектебінің 5 «б» сынып оқушысы Тихонова Анастасия ие болды.
8-10 сыныптар арасында ІІІ орынға Таволжан орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мереке Әнел, №2 Успен орта мектебінің 10 сынып оқушысы Легачева Карина, Белоусов орта мектебінің 10 «ә» сынып оқушысы Кенжебек Үміт; ІІ орынға Қозыкеткен орта мектебінің 10 «а» сынып оқушысы Габдуллова Диана, Лозов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Павлушенко Станислав; І орынға Вознесен негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Демина Милана ие болды.
Барлық қатысушылар білім бері бөлімінің дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды. Білім беру бөлімі оқушыларға әлі де үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілек білдіреді.