Қазақстан Республикасының Күні

«Олардың әрқайсысы көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі дамытуға ұмтыла отырып, жоғары мақсаттарға жететініне, туған өлкенің игілігіне өз үлесін қосатынына күмәнім жоқ» – деді, Успен ауданының әкімі Николай Васильевич Дычко.
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында Успен ауданында 22 қазанда аудан әкімінің кабинетінде дөңгелек үстел басында Николай Васильевич мектеп президенттерімен кездесті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламалары және мектептің, ауданның қоғамдық өміріне қатысуы туралы айтып берді. Өз мектептерін дамытудың жоспарымен, болашаққа деген перспективаларымен бөлісті. Бұл күні шақырылған балалар өзіндерін қызықтырып жүрген сұртарын қоюға және жауап алуына мүмкіндік берілді, сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылар аудан әкімінің жұмыс орнында естелік фотосуретке түсті.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға аудан әкімінің «Алғы сөзі» және естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Еліміздің балалары балалар жылында өз бастамаларын дамыту үшін бірегей мүмкіндік алды, Жастар жылы ең батыл және ең үлкен жобаларды жүзеге асырудың тағы бір мүмкіндігі берілді. Бұл біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары армандаған қазақ мемлекеттілігінің жандануын және бостандыққа қол жеткізуді білдіретін маңызды кезең. Ал бүгін Сіздер мемлекеттік қызметке тұрып және ілгерілеуге, өз ісіңізді ашуға және жүргізуге, өзін-өзі тәрбиелеумен, ғылыммен, спортпен және шығармашылықпен табысты айналысуға нақты мүмкіндіктеріңіз бар. Жастар – бұл біздің тәуелсіз еліміздің бүгіні және оның тамаша болашағының кепілісіздер!» – деп атап өтті, Н. В. Дычко.