141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Қазақ тілі бойынша облыстық семинар-практикум

Сәуір 19, 2023

Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттіліктері: мәтін лингвистикасы, оқылым мен тыңдалым мәтінін талдау»

тақырыбындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ бірлескен Успен ауданы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша облыстық семинар-практикумы 2023 жылғы 10 сәуірде өтті.

Мақсаты: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың білім беру кеңістігін ұйымдастыруда педагогтердің білім беру сапасын арттыруға бағытталған кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар-практикумға  Оморгуль Эртисхан, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Павлодар облысы бойынша КДИ»  ПжПӘ кафедрасының аға оқытушысы, пед. ғылымдарының магистрі, деңгейлік және  жаңартылған бағдарламалар тренері, халықаралық деңгейдегі сертификатталған тренері қатысты. Семинар барысында М.Мәметова атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Әлем Мұхамедуәли Е. Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңіндегі автор бейнесі тақырыбында 6 сыныпта ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақты ұйымдастыруды тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білді. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері өз деңгейінде қалыптасқан. Сабақтың әрбір кезеңі бағаланады. Ұлттық құндылықтардың элементтерін «Домбыра» арқылы бағалау орынды болды.

А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абзалова Ляззат Бактыбековна 8 сыныпта «Байқоңыр – ғарыш айлағы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа топтық жұмыс жүйелі жүргізіледі. Оқушылар топпен жұмыс жасауды біледі. Мұғалім сабақ мақсатына сәйкес тапсырмаларды түрлендіріп берді. Оқушылардың өз ойын сабақта жеткізіп айта алуы, тілдік нормаларды сақтауы қалыптасқан.

А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жунуспаева Гульнара Олжабаевна 9 сыныпта «Роботтар мен киборгтар әлемі. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбын ұтымды анықтады. Оқушылардың белсенділігін арттыру үшйін допты лақтырып, сұрақтарға жауап алды. Мәтінмен жұмыста жеке, жұптық жұмыстар жүргізу жүйесі қалыптасқан.

Мұғалімдер қазіргі сұранысқа сай ТEDx форматында өзара тәжірибе алмасты. «Мәтін арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында Жунусова Ажар Назымбековна, Ковалев негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, «Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында Курманбаева Айнур Серикжанова, Константинов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Курста алған әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді қолдау және сапаны арттыруға бағытталған жұмыс барысында сөз сөйледі.

«Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын тиімді қалыптастыру жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын Бекенова Ботагоз Сакеновна, Қаратай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және М.Жұмабаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тогта Ульжан өткізді. Шеберлік сағаты барысында мұғалімдер қозғалыста болып, бір-бірімен жақын қарым-қатынаста жұмыс істейді. Берілген тапсырманы орындау барысында өзара ынтымақтастық орнады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған қоржындарын практикалық кезеңде толтырды.

Семинар соңында  «Сана саяжолы» рефлексивтік тренингі  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ тренері Оморгуль Эртисхан өткізді. Тренингке заманауи сабақта және тәжірибе бөлісудегі мұғалімнің рөлі жөнінде пікір білдірді. Бүгінгі семинарды өткізген әріптестерді Сана саяжолынан өткізді. Мұғалімдер тарапынан семинар өнімді болды деген ойтүйінделді.