141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Balaqorgau

Мамыр 4, 2022

Успен ауданының білім беру ұйымдарында » Balaqorgau» балаларға көмек тақтайшасы ілінді. Балалар жылына арналған іс-шараларды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «balaqorgau» веб-сайты арқылы балалар мен олардың ата-аналарына тегін консультациялық көмек көрсету бойынша «BalaQorgau» жобасы іске асыруда. Егер сіз мектепте , үйде және көшеде қиындықтарға тап болсаңыз, планшеттен (смартфоннан) QR-кодты сканерлеу арқылы https://bala.gov.kz сайтына кіре аласыз. Бүгінгі күні 19 білім беру ұйымдарында QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылып, білім алушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуді.