Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 5 сәуірде жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты мен міндеттері – дарынды оқушыларды анықтау, қолдау көрсету, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу.
Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді:
- тур – жазбаша – эссе;
- тур – ауызша – қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаева өмірбаянын, ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектері бойынша тапсырмаларын орындау.
Іс-шараға ауданымыздың 3 оқушысы қатысты: Абай ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Қыдырәлі Құсыман, Қаратай ЖОББМ 10 сынып оқушысы Қасым Сымбат және Константинов ЖОББМ 11 сынып оқушысы Жетес Аяужан.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға Қаратай ЖОББМ 10 сынып оқушысы Қасым Сымбат (жетекшісі Бекенова Ботагөз Сәкенқызы) ие болды.
Оқушы мен мұғалімді жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!