141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Дарынды балалармен жұмыс

Қаңтар 27, 2023

Жыл сайын білім бөлімі балалардың дарындылығын қолдау және дамыту, күндізгі және сырттай білім беру мекемелерінде оқитын дарынды балалардың зияткерлік, ғылыми-зерттеу конкурстарына, жарыстарға, олимпиадаларға, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында аудан оқушылары 8 республикалық, 24 облыстық және 20 аудандық олимпиадалар мен байқауларға қатысты. Қатысушылардың жалпы саны: аудан – 506, облыс – 106, республика – 265. Жүлдегерлер: аудан – 170 (34%), облыс – 25 (24%), республика – 85 (32%).

2022 жылы Успен ауданының дарынды балаларымен жұмысты талдау