141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

IQanat

Сәуір 1, 2022

28 наурыз күні Павлодар қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатында 8 сынып оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың екінші кезеңіне іріктеу кезеңінен өткен ауданның 8 сыныптың 7 оқушысы қатысты:  Константинов ЖОББМ оқушысы Ерғали Балнұр, Қозыкеткен ЖОББМ оқушысы Бекниязова Индира, Ольгин ЖОББМ оқушылары Серік Ернұр мен Бауыржан Бақбол, № 2 Успен ЖОББМ оқушысы Миллер Яна, Ковалев ЖНББМ оқушысы Нурленова Аружан, Вознесен ЖНББМ  оқушысы Демина Милана.

Оқушыларымызға сәттілік тілейік!