Консультациялық пункт

Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған отбасыларға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.
Консультациялық пункттердің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Консультациялық пункттер жұмысының мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.