«Менің кіші Отаным» конкурсының қорытындысы

Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 19 қыркүйек күні «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар V Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі №2 Успен ЖОББМ базасында өткізілді.
Конкурсқа ауданның жалпы білім беру мектептерінің 9-10 сыныбының 20 оқушысы қатысты, оның ішінде 9 сынып – 11 оқушы, 10 сынып – 9 оқушы.
Ережеге сәйкес конкурс екі тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест тапсырылды.
ІІ тур – 4 номинация: «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» бойынша өткізілді.
Конкурс нәтижесінде «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен №2 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жанна Пуховская марапатталады.
2 дәрежелі диплом иегерлері: №1 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Станислав Чмиль, Қозыкеткен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Индира Тойкенова.
3 дәрежелі дипломды Галицк ЖОББМ 9 сынып оқушысы Милана Смакотина иеленді.
«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Анастасия Халютина марапатталады.
«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Павлов ЖОББМ 10 сынып оқушысы Жанел Қайыр марапатталады.
2 дәрежелі диплом иегері Қозыкеткен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Анатолий Жураковский.
3 дәрежелі дипломды №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Құсман Қыдырәлі иеленді.
«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен Павлов ЖОББМ 10 сынып оқушысы Юлия Кашкаха марапатталады.
3 дәрежелі дипломды Қаратай ЖОББМ 10 сынып оқушылары Гүлдана Әбіл, Фатима Сансызбай, Сымбат Қасым, Павлов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ясмин Даутханова, Равнополь ЖНББМ 9 сынып оқушысы Артем Усов, №2 Успен ЖОББМ 10 сынып оқушысы Вероника Короткова иеленді.
Жеңімпаздар аудан атынан ағымдағы жылдың 15 қазан күні облыстық кезеңге қатысады.