«Мың бала»

5 сәуір күні өткен ауыл мектептерінің 5 және 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының бірінші іріктеу кезеңінен біздің 7 оқушымыз өтіп, екінші кезеңге жолдама алды: №1 Успен ЖОББМ 5 сынып оқушылары Серікқызы Томирис, Семенченко Алиса, Нуруллаева Амилия, Функ Илья, Пудич Екатерина, Сагиева Наима және №2 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Дуненбаев Богдан. Сонымен қатар, өткен жылғы олимпиада жеңімпазы №2 Успен ЖОББМ 6 сынып оқушысы Сандр Кирилл де екінші кезеңге іріктеусіз жолдама алды. Оқушыларымызға екінші кезеңде сәттілік тілейміз!!!
Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының «Birge Oqý» онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады.