Олимпиаданың үшінші күн нәтижелері

1 ақпан күні география, информатика, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша 9-11 сыныптарға арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың үшінші күніне 11 оқушы қатысты, оның ішінде география – 4 оқушы, информатика – 2 оқушы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі – 5 оқушы. Олимпиада нәтижесінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша 2 орынға Қозыкеткен ЖОББМ 11 сынып оқушысы Тойкенова Индира (мұғалімі Баубекова М.Н.) ие болды, 3 орынды Абай ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Скакова Айжан (мұғалімі Асанов Е.С.) иеленді.
Олимпиада нәтижелері