141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығымен Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тамыз 29, 2023

Өзгерістерге сәйкес Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілді:
– мектепке дейінгі ұйымдарда;
– орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында;
– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;
– мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында;
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттарын келіседі, білім беру ұйымының жарғысы мен ішкі тәртіп қағидаларына өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізуді келіседі; санитариялық-гигиеналық жағдайлардың, тамақтану сапасының, ауыз су режимінің сақталуын, іргелес аумақтың жай-күйін және т. б. бақылауды жүзеге асырады.

Енгізілген өзгерістермен Қазақстан Республикасының «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде толығырақ танысуға болады.