Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы

Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатындағы республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңіне ауданымыздың 7 мектебінен 38 оқушы қатысты.
Байқауға дайындалу үшін оқушылар «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі бойынша дайындалды.
3-4 сынып оқушылары – «Ертегілер әлемінде» тақырыбындабастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегілері);
5-6 сынып оқушылары – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар -«Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»;
7-8 сынып оқушылары – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөсірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып оқушылары – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш» І.Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Байқаудың нәтижесінде 3 орын иегерлері – 8, 2 орын иегерлері – 6, 1 орын иегерлері – 4.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлербілім беру бөлімінің Мадақтамалармен марапатталды және барлық қатысушыларға Алғыс хаттары табыстады.
Жеңімпаз оқушылар аудан атынан облыстық кезеңге қатысады.