141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Республикалық пән олимпиадасынағы оқушыларымыздың жетістіктері

Ақпан 21, 2023

2023 жылғы 15-17 ақпан аралығында ауданымыздың 8 оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша облыстық кезеңге  қатысты: Қаратай ЖОББМ 10 сынып оқушысы Қасым Сымбат (қазақ тілі мен әдебиеті),  Қозыкеткен ЖОББМ 11 сынып оқушысы Тойкенова Индира (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі), М.Жұмабаев ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав (орыс тілі мен әдебиеті), Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Халютина Анастасия (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі), А.Байтұрсынұлы ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Шкода Ратмир (Қазақстан тарихы), Павлов ЖОББМ 10 сынып оқушысы Кашкаха Юлия (Қазақстан тарихы), Абай ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Назымбек Данияр (Қазақстан тарихы), Абай ат. ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нұрболат Бақберді (құқық негіздері).

Олимпиада электронды форматта, прокторингті («1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера») қолдануымен арнайы платформада және аудиторияның жалпы көрінісін бейнебақылау арқылы өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3 орынға М.Жұмабаев ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Кирьяченко Владислав (мұғалімі Бондаренко Е.Т.) және Қазақстан тарихы пәнінен 3 орынға Абай ат. ЖОББМ 11 сынып оқушысы Назымбек Данияр (мұғалімі Сатыбалдинов Е.А.) ие болды.

Сонымен бірге, Кирьяченко Владислав Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің білім беру грантын иеленді!!!

Оқушылар мен мұғалімдерді жеңіспен құттықтаймыз!!!