Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі

№3 Успен жалпы орта білім беру мектебінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасындағы ғылыми жобалар республикалық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурсқа ауданымыздың 10 оқушысы 9 жобасын ұсынды.
Конкурс нәтижесінде 5 жобаның авторы жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломмен №2 Успен ЖОББМ 11 сынып оқушысы Легачова Карина (жетекшісі Бондаренко Елена Тулешевна) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломды Равнополь ЖНББМ 8 сынып оқушысы Асанова Зарема (жетекшісі Асанова Жанель Галымовна) иеленді.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері – Қаратай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Жусупова Шадияр (жетекшісі Уртакова Бактыгуль Саветовна ) және 10 сынып оқушысы Нұрәлі Улжібек (жетекшісі Алибаева Сымбат Машраповна), Равнополь ЖНББМ 9 сынып оқушысы Усов Артём (жетекшісі Амирова Нурсулу Нурымжановна). Константинов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Әлім Аяулым (жетекшісі Мамбетова Айжан Нагызхановна)
Жүлдегерлеміздің жұмыстары конкурстың облыстық кезеңіне жіберіледі.