ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі

2022 жылдың 16 маусымында Успен ауданында түлектердің мектеп бітіру кеші«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» болып өтті. Биыл 56 түлек мектепті аяқтады. Мектеп бітіру баллы №3 Успен ЖОББМ алаңында өтті. Түлектер арасында «Алтын белгі» белгісімен Қаратай мектебінің бір түлегі Ораз Гүлдана, Қаратай мектебін қызыл аттестатқа аяқтаған бір түлегі Смаилова Алима бар. Мектеп бітіру балына құрметті қонақ ретінде Успен ауданының әкімі Н.В.Дычко шақырылды.Ол түлектерді мектеп бітірулерімен және орта білім туралы аттестат алуларымен құттықтады. Ораз Гүлдана 100 мың теңгенің сертификатын, ал Смаилова Алима 50 мың теңгенің сертификатын иеленді. Білім беру бөлімінің басшысы Айнагуль КенжалиевнаЖиренова соңғы оқу жылдарында спортта, зияткерлік турнирлер мен олимпиадаларда облыстық және республикалық турнирлерде жүлделі орындарға ие болған дарынды түлектерді атап өтті.Түлектерді педагогикалық еңбек ардагерлері Сарсенбаева Бахитжан Айтимовна, Бут Лидия Петровна, алғашқы ұстаздары Джапарова Қымбат Еркеновна, Гончарова Галина Николаевна, Бодыловская Валентина Николаевна құттықтады. Түлектердің ата-аналары Смаилова Асем Габдуллаевна құттықтап, Бакулина Людмила Викторовна, Байжанова Айнура Бауржановна түлектерге ән сыйлады. Түлектердің өздері ата-аналарына және ұстаздарына, мектепке, сыныптастарына алғыс сөздерін айтты. Мектеп бітіру кешінің соңында түлектер үшін көңілді би кеші өтті.