Тамыз конференциясы

2022 жылғы 25 тамызда «Білім берудегі маңызды құндылықтар: терең білім, еңбекқор және патриотиз» тақырыбында аудандық тамыз конференциясы өтті.
Пленарлық бөлімде білім беру бөлімінің басшысы А. Жиренова өткен оқу жылының қорытындысын шығарып, жаңа оқу жылының міндеттері мен мақсаттарын белгіледі. Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының басшысы Бахтияр Сүйіндікұлы Түсіпов құттықтау сөз сөйледі. Бахтияр Сүйіндікұлы өз сөзінде аудан педагогтарын оқу жылының басталуымен құттықтап, педагогтарды алдағы оқу жылына қандай міндеттер қойылатыны туралы облыстағы білім беруді дамытудың жалпы көрінісімен таныстырды. TED форматтағы тамыз конференциясының пленарлық бөлімінде спикерлер аудан әкімі Н.Дычко, Павлодар облысының инновациялық орталығының әдіскері Сулейман Роза Темиргалиевна, №2 Успен ЖОББМ педагог-психологі Ахметова Зура Социаловна болды. Роза Темиргалиевна педагогтың жаңа форматтағы трансформациясы туралы, Зура Социаловна ЕҚБ балаларымен жұмыс туралы айтты.
Салтанатты рәсімде инновациялық құзіреттілігі, шығармашылық ізденісі, іскерлігі, тапқырлығы, білім беру саласындағы «Педагогикалық олимп» номинациясындағы жетістіктері және түлектерді ҰБТ-ға сапалы дайындығаны үшін аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды және ақшалай сертификаттар табыс етілді.
Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
ПедагогтарынаҰлттық академияның дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Өткен оқу жылының ең маңызды, шешуші сәті білім беру ұйымдары арасындағы дәстүрлі конкурстардың жеңімпаздарын анықтау болды. Ақшалай сертификаттар берілді.
Павлов мектебінің ұжымы – 1 орын;
№2 Успен мектебінің ұжымы – 2 орын;
Қозыкеткен мектебінің ұжымы – 3 орын алды.
Педагогикалық еңбек ардагерлері де назардан тыс қалмады, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мерекелік шара Мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз!