141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Тамыз секциялық отырыстары

Тамыз 28, 2022

2022 жылдың 27 тамызында № 3 Успен ЖОМ және №1 Успен ЖОМ базасында мына секциялар бойынша педагогтердің тамыз отырыстары өтті: математика және физика, химия және биогогия, тарих және география мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері, директорлардың орынбасарлары аудан мектептерінің педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтар, алғашқы әскери дайындық мұғалімдері. Аудан педагог қызметкерлерінің аудандық секциялық отырыстары Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейінің педагогтерін шақырумен өтті.

Мұғалімдер өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, оқу жылының басына ұсыныстар берді, осылайша жемісті жұмысқа деген көңіл-күй және мотивация берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Лозинская Надежда Вячеславовна мен Гупало Валентина Васильевна мектеп жұмысының аналитикалық есебін жазу тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдердің ынтымақтастықтан демін де қалай жұмыс істейтінін көру өте жақсы болды. Отырыста ҮОЖ, әдістемелік нұсқау хат қаралып, талқыланды. Заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістермен танысты. 2022-2023 оқу жылына бірлескен жұмыс жоспарын белгіледік. Отырыстар шығармашылық және тілектестік жағдайда өтті.