Зерек бала – 2023

Ағымдағы жылдың 7 маусымында аудан әкімі Нұрболат Абылайханұлы Мақашевтің дәстүрлі «Зерек бала – 2023» дарынды да таланатты, шығармашыл балалармен кездесуі өтті.
Іс-шараға аудан мектептерінен 20 оқушысы қатысты. Бұл – үздік оқушылар, олимпиада, ғылыми жұмыстардың жүлдегерлері, спорт және өнер жұлдыздары.
Іс-шара «TEDx» форматында әңгімелесу түрінде өтті. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандыратын сауалдарды қоюға мүмкіндік алды. Нұрболат Абылайханұлы оқушылардың сауалдарына жауап берді және өзара пікіралмасу болды.
Аудан әкімі салтанатты шараға қатысушыларға жаңа жетістіктер, талмай еңбектену және «Белгілі бір мақсатқа жету үшін бәрін уақтылы және уақтылы жасау керектігін, үнемі жаңа білім ізденіс үстінде керек», – деген кеңес берді.
Кездесу соңында балалар аттары жазылған «Зерек бала – 2023» белгісімен және аудан әкімінің атынан құттықтау хатымен марапатталды.
Барлығы естелік фотоға түсті.