141 000, Успен ауылы, көш. Геринг, 17
сенім телефоны
8(71834) 92-1-86 күн сайын 09.00-ден 18.00-ге дейін

Жасөспірімдер олимпиадасы

Қазан 18, 2022

17 қазан күні Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында жаратылыстану-математикалық пәндері мен бағдарламалау бағыты бойынша ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Олимпиадаға аудан мектептерінің 7-8 сыныптың 51 оқушысы қатысты, оның ішінде математика пәнінен  – 8 оқушы, биология – 15, химия – 8, физика – 8, география – 11, бағдарламалау – 1.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже берген оқушылар, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Математика:

2 орынға Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ 7 сынып оқушысы Сипий Таисия (мұғалімі Бижанова Алия Жумабаевна) ие болды.

3 орынды Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Кәрім Нариман (мұғалімі Султангазинова Светлана Викторовна), Мәншүк Мәметов атындағы ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ыдырыс София (мұғалімі Дузелхан Еркебұлан), Қаратай ЖОББМ 8 сынып оқушысы Темірболат Қыдырәлі (мұғалімі Бекенова Гульзия Магзумовна) иеленді.

Химия:

3 орынға Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ 7 сынып оқушысы Мускенов Тимур (мұғалімі Утеуова Анара Сарсембаевна) ие болды.

География:

2 орынды Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ 7 сынып оқушысы Смагулова Аружан (мұғалімі Кулатаева Асель Айсериковна) иеленді.

3 орынға Мағжан Жұмабаев атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Арынова  Адель (мұғалімі Лозовик Светлана Викторовна) және Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖОББМ 8 сынып оқушысы Могильная Тамара (мұғалімі Кулатаева Асель Айсериковна) ие болды.